Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау
«Алия и Ко» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыс ортасының зиянды және қауіпті факторларына өндірістік бақылау жүргізеді.
14.06.2010 ж. № 0145754 мемлекеттік лицензиясы. «Алия и Ко» ЖШС мамандандырылған ұйымдар тізіміне енгізілген.

Біздің компанияның тәуелсіз аккредиттелген сынақ зертханасы заманауи зертханалық үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Зертхана қажетті нормативтік-техникалық құжаттамамен толық қамтамасыз етілген және зерттеулер жүргізу мен қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нақты мәндерін анықтау үшін заманауи өлшеу аспаптарымен жабдықталған.
Зерттеулер өндірістік бақылауды жүзеге асыру және жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мақсатында жүргізіледі.
Біздің компанияның ұйымдық-құқықтық нысаны жүргізілетін зерттеулердің тәуелсіздігін және алынған нәтижелердің объективтілігін қамтамасыз етеді. «Алия и Ко» ЖШС-не жүгінген тапсырыс беруші өлшеулер мен еңбек жағдайларын бағалау тәуелсіз аккредиттелген зертхана тарапынан кәсіби жабдықтар мен заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып орындалатынына сенімді бола алады.
Біз өз қызметіміздің қоғамдық маңызын және орындалатын жұмыстар нәтижелерінің сапасы мен дұрыстығы үшін жауапкершілікті терең түсінеміз.
Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау
Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау — бұл қауіпсіздік жағдайын, зияндылық деңгейін, орындалатын жұмыстардың ауырлығы мен қарқындылығын, еңбек гигиенасы жағдайларын, сондай-ақ өндірістік ортаның қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді және жұмыс орындарын бағалау қызметі.
Аттестаттауды жүргізу зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды анықтау, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалау және оларды еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін қажет.
Аспаптық база
- «Ассистент» шу және діріл талдағышы.
- Метеоскоп.
- ЭМӨ өлшеуіш ВЕ-метр-АТ-003.
- СТ-01 электростатикалық өріс өлшеуішi.
- ГАНК-3 газ талдағышы.
- ТКА-ПКМ-08 люксметрі.
Русский
English