Оқу орталығы
«Алия и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оқу орталығы («Алия и Ко» ЖШС ОО) құрылымдық бөлімше болып табылады. «Алия и Ко» ЖШС ОО лицензиямен рұқсат етілген оқыту түрлері бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асырады. Оқу орталығының қызметі Серіктестік құрамында лицензияланады. 17.07.2012 ж. №12006354 ГЛА мемлекеттік лицензиясы (атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет үшін мамандар мен персоналды даярлау).
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына 20.06.2022 ж. № KZ81VEK00012951 аттестаты (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандар мен қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау).
Оқу орталығы өз қызметін «Алия и Ко» ЖШС мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Алия и Ко» ЖШС Жарғысына және тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Білім беру бағдарламаларының мазмұны мемлекеттік стандарттар мен мамандарды даярлау және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары негізінде әзірленіп, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіледі.
«Алия и Ко» ЖШС оқу орталығының құрамына мыналар кіреді:
Әрқайсысы 20 орынға арналған, физикалық параметрлері (жарықтандыру, шу, діріл, электромагниттік өрістер, микроклимат) бойынша санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін он бес кең әрі жарық оқу аудиториясы. Аудиториялар оқу-әдістемелік көрнекі құралдармен, плакаттармен, жеке қорғаныс құралдарының, өрт сөндіру құралдарының, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының үлгілерімен және өткізілетін курстар бойынша басқа да тақырыптық материалдармен, сондай-ақ оқу фильмдері мен бейнематериалдарды көруге арналған аудио-бейне аппаратурамен жабдықталған.
«Алия и Ко» ЖШС оқу орталығының шеберханасының жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды, электр дәнекерлеушілерді аттестаттауға арналған 15 постпен жабдықталған, дәнекерленген жіктер мен қосылыстардың үлгілері және басқа да көрнекі құралдар бар.
Практикалық сабақтарды өткізу үшін «Алия и Ко» ЖШС оқу орталығы өздерінің өндірістік базаларын ұсынатын кәсіпорындармен шарттар жасасқан.
Әрқайсысы 50 орынға арналған, оқу фильмдері мен бейнематериалдарды көруге арналған аудио–бейне аппаратурамен жабдықталған екі конференц-зал.
Оқыту жүргізу және практика базаларына баруды ұйымдастыру үшін «Алия и Ко» ЖШС оқу орталығы көлікпен қамтамасыз етілген.
«Алия и Ко» ЖШС оқу орталығының кітапханасында мұнай-газ өнеркәсібі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мамандықтары бойынша 500-ден астам жаңа техникалық оқу құралдары, әдістемелік құралдар, анықтамалықтар, мұнай-газ саласына, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға арналған нормативтік құжаттар мен заңнамалық актілер, мерзімді басылымдар бар және кітапхана қоры үнемі толықтырылып отырады. Сондай-ақ «Алия и Ко» ЖШС оқу орталығында электрондық кітапхана және бейнематериалдар кітапханасы бар (барлық курстар бойынша оқу фильмдерін көру қарастырылған).
Оқу орталығының штатында медицина саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті медицина қызметкері жұмыс істейді, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары және дәрі-дәрмектермен жабдықталған дәрі қобдишасы бар. Сонымен қатар жыл сайынғы медициналық тексеруден өту қызметтерін көрсету үшін «Қуаныш» клиникасымен шарт жасалады.
Радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша келесі курстарда оқыту жүргізу:
Радиациялық қауіпсіздік және қорғаныс (А және Б топтарының персоналы)
Радиациялық қауіпсіздік және қорғаныс (кәсіпорындағы радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға)
Радиациялық қауіпсіздік және қорғаныс (дефектоскопистер үшін)
Радиациялық бақылау, радиациялық бақылау аппаратурасы
Дозиметрист-радиометристерді даярлау
Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау» емдеу және медициналық мекемелерде (дәрігерлер үшін)
Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау» емдеу және медициналық мекемелерде (рентген-зертхана мамандары үшін)
Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау (геофизикалық кәсіпорын үшін)
Металл бұйымдары мен металл сынықтарын радиациялық бақылау.
Оқытушылар
Кибатаев Козы Мурзаханович
Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру туралы 2005 жылғы 26 мамырдағы №7 хаттама. «Еңбек гигиенасы, ЭМӨ және басқа да физикалық факторлар, дозиметрия, радиометрия» бөлімі бойынша біліктілікті арттыру туралы №24 куәлік. «Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау» курсынан өткені туралы №4171 куәлік.
Дуйсенов Кожахмет Есекеевич
«Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау» курсынан өткені туралы №486 куәлік.
Держевитская Лидия Анатольевна
«Радиациялық бақылау» курсынан өткені туралы №09542 куәлік. «Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау» курсынан өткені туралы №4170 куәлік.
Еңбекті қорғау саласында оқыту жүргізу
«Кәсіпорындардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау»
Оқытушылар
Имангазин Марат Кыдырбаевич
2009 жылғы 21 мамырдағы №001024 диплом – «Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша доцент.
Баудияров Асланбек Беимбетович
№260/534 «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау» сертификаты.
Дуйсенов Ермек Еркебулатович
«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» курсы бойынша диплом. № АФ393/880 «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау» сертификаты.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту жүргізу
Геофизикалық кәсіпорындар үшін жарылыс жұмыстарының жетекшілері
Ашық тау-кен жұмыстарындағы жарылыс жұмыстарының жетекшілері
Ашық тау-кен жұмыстарындағы жарушы
Жарылғыш материалдар қоймасының меңгерушісі және таратушысы
Геофизикалық жұмыстардағы жарушылар (сейсмикалық барлау және ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары)
Каротаж станциялары көтергіштерінің машинистері
Геофизикалық мұнаралардың машинистері
Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау
Қауіпті жүктерді (ИИИ) автомобиль көлігімен тасымалдау
Қауіпті жүктерді (ВМ) автомобиль көлігімен тасымалдау
Қауіпті жүктерді цистерналарда тасымалдау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандары мен басшыларына арналған «Өнеркәсіптік қауіпсіздік»
Өрт-техникалық минимум
Кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Улы газдар (күкіртсутек) бар кен орындары мен алаңдардағы еңбек жағдайларының ерекшеліктері
Тұз қышқылымен жұмыс істеу қағидалары бойынша даярлау және оқыту
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға қызмет көрсететін персоналды оқыту
Стропальщикті оқыту
Оқытушылар
Имангазин Марат Кадырбаевич
«Алия и Ко» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік курстары оқытушыларының білімін тексеру жөніндегі ТЖ және ӨҚ мемлекеттік бақылау комитеті емтихан комиссиясы отырысының №57 хаттамасы.
Дуйсенов Кожахмет Есекеевич
«Алия и Ко» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік курстары оқытушыларының білімін тексеру жөніндегі ТЖ және ӨҚ мемлекеттік бақылау комитеті емтихан комиссиясы отырысының №48 хаттамасы.
Кибатаев Козы Мурзаханович
«Алия и Ко» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік курстары оқытушыларының білімін тексеру жөніндегі ТЖ және ӨҚ мемлекеттік бақылау комитеті емтихан комиссиясы отырысының №48 хаттамасы.
Русский
English