Табиғатты қорғау жобалау және нормалау
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау — Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау және жобалау құжаттамасының барлық түрлерін, өзге де материалдар мен құжаттарды немесе олардың жекелеген бөлімдері мен бөліктерін әзірлеу.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалау — Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптардың барлық түрлерін әзірлеу.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау және нормалау қызметтері
«Алия и Ко» ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау және нормалау бойынша келесі қызметтерді ұсынады:
- Жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш (ЖҚӨ).
- Ықтимал әсерлер туралы есептер.
- «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімдерін әзірлеу.
- Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінің жобалары.
- Рұқсат етілетін төгінділер нормативтерінің жобалары.
- Қалдықтарды паспорттау.
- Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары.
- Санитариялық-қорғау аймақтарының жобалары.
- Қалдықтарды басқару бағдарламалары.
- I және II санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу.
- Парниктік газдар шығарындылары көздерін түгендеуді әзірлеу.
- Объектілерде өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу.
- Эмиссиялар мониторингін және әсер ету мониторингін жүргізу.
Іздестіру қызметі
Инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар, оның ішінде:
- топырақты далалық зерттеу;
- гидрогеологиялық зерттеулер;
- геофизикалық зерттеулер;
- рекогносцировка және түсірілім.
Инженерлік-геодезиялық жұмыстар, оның ішінде:
- жобалау және құрылыс үшін топографиялық жұмыстар;
- инженерлік-геологиялық қазбаларды, геофизикалық және басқа да іздестіру нүктелерін байланыстыра отырып, жергілікті жерге көшіруге байланысты геодезиялық жұмыстар;
- геодезиялық орталықтарды салу және белгілеу;
- жоспарлы-биіктік түсірілім желілерін құру.
Русский
English