Табиғатты қорғау жобалау және нормалау
Табиғат қорғауды жобалау-Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, қоршаған ортаны қорғауға және табиғат пайдалануға қатысты жоспарлау және жобалау құжаттамасының барлық түрлерін, өзге де материалдар мен құжаттарды не олардың жекелеген бөлімдері мен бөліктерін әзірлеу.
Табиғат қорғауды нормалау-Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптардың барлық түрлерін әзірлеу.
«Алия и Ко» ЖШС табиғатты қорғау жобалау және нормалау саласында қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік органдарда мынадай жобаларды әзірлеу және келісу:
- атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын және олардың көздерін түгендеу;
- шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы);
- шекті жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы);
- қауіпті қалдықтардың төлқұжаттары;
- қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасы (ПНРО));
- қалдықтарды басқару бағдарламалары);
- «қоршаған ортаны қорғау» бөлімі);
- қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ);
- санитарлық-қорғау аймағының мөлшерін негіздеу жобасы (СҚА);
- парниктік газдар шығарындылары көздерін түгендеу;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы (жоспары) ;
Қоршаған ортаны қорғау саласында мынадай жұмыстарды жүргізу:
- бастамашылық экологиялық аудит жүргізу;
- объектілерде өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу;
- эмиссиялар мониторингін, әсер ету мониторингін жүргізу;
- қоршаған ортаға эмиссияларға өтінімді ресімдеу және рұқсат алу;
- кәсіпорынның өндірістік қызметін, кез келген құжаттарды экологиялық сүйемелдеу.