Экологиялық сараптама
Экологиялық сараптама-бұл көзделіп отырған шаруашылық өзге қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтеріне және экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға ықтимал қолайсыз әсерлерінің және олармен байланысты әлеуметтік салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектісін іске асыруға жол берілуін айқындау.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға берілген сәттен бастап I санаттағы объектілер үшін екі айдан, II санаттағы объектілер үшін бір айдан, III және IV санаттағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспайды.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен 20.06.2007 Ж.берілген № 00975Р лицензиясының негізінде «Алия и Ко» ЖШС компаниясы экологиялық сараптама жүргізу бойынша қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Қоғамдық сараптаманың міндеті мемлекеттік органдардың назарын белгілі бір объектіге аудару, әлеуетті экологиялық қауіп туралы ғылыми негізделген ақпаратты кеңінен тарату болып табылады. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге қызметті азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.
«Алия и Ко» ЖШС экологиялық сараптама жүргізуді Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне қатаң сәйкестікте жүзеге асырады.
Мемлекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы мәселе қойған жобаның тапсырысшысын қоса алғанда, заңды немесе жеке тұлға сараптаманың бастамашысы бола алады.
Сараптама объектісін іске асыру-жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешімдерге сәйкес өнеркәсіптік және өзге де объектілерді салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымына түсуі жөніндегі жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу, сараптама объектісінің өзге де іс жүзінде жүзеге асырылуы.
Экологиялық қауіпті объект-құрылысы мен қызметі адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін немесе әсер ететін шаруашылық және өзге де объект.
Экологиялық тәуекел-белгілі бір факторлардың әсері салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгеру ықтималдығы.